• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Бастөбе ауылы, С.Юн көшесі 26. Телефон: 8 (72-834) 7-90-81

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Бастөбе ауылы, С.Юн көшесі 26. Телефон: 8 (72-834) 7-90-81

  • 7

    Ауылдық округінің әкімі - Ким Эдуард Афанасьевич

    Телефон: 8 (72-834) 4-01-30

     

     

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетудің тәсілдері өзгереді. Жаңа тәсілдер АӘК-ті барынша ашық әрі әділетті етіп, адамдарды еңбекке ынталандыратын болады. Енгізілетін жаңашылдықтардың бірі – мемлекет еңбекке қабілетті азаматтарға жұмыс табуға көмектеседі. Азаматқа немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда еңбекке қабілетті отбасы мүшесіне жұмыс ұсынылады. Ол келісімін берген жағдайда әлеуметтік келісімшартқа қол қойылып, АӘК төленеді. Алайда, еңбекке қабілетті азамат жұмысқа шығудан бас тартқан жағдайда ол және оның отбасы АӘК-тен айырылады. Дегенмен, көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы мен балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет сақталады. Осылайша, АӘК-тің жаңа тәсілдері көрсетілетін көмекті барынша әділ етіп, азаматтарды жұмысқа ынталандыратын болады. Ал бұл өз кезегінде азаматтарға өз әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаж адамдарға көрсетілетін болады.

Instagram: https://www.instagram.com/asp.kaz/ 
Facebook: https://www.facebook.com/asp.kaz/ 
ВКонтакте: https://vk.com/asp_kaz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру   қағидаларын    бекіту   туралы»    №  138  қаулысының 8 тармағының, 1, 2 тармақшаларына сәйкес:

2019 жылдың желтоқсан айының 26 күні, сағат 14.00-де Бастөбе ауылы, М.Горький атындағы орта мектебінде, 22 шағын ауданының Төртінші– Алатау, Бесінші - Жетісу, Алтыншы - Медеу көшесі деп өзгерту туралы жергілікті қауымдастық жиыны өткізіледі.

2019 жылдың желтоқсан айының 26 күні, сағат 15.00-де Бастөбе ауылы, М.Горький атындағы орта мектебінде, Космонавтов – Нұрлы жол, Новомирская - Самұрық деп өзгерту туралы жергілікті қауымдастық жиыны өткізіледі.

2019 жылдың желтоқсан айының 27 күні, сағат 14.00-де Бастөбе ауылы, Бастөбе сервистік-техникалық колледжінде Совхозная - Тарбағатай, Школьная - Тұлпар, Садовая - Бейбарыс сұлтан, Вишневая - Шиелі, Стадионная - Қасым хан және Стадионная шағын көше - Қасым хан шағын көшесі деп өзгерту туралы жергілікті қауымдастық жиыны өткізіледі.

https://budget.egov.kz/material/material?id=814245&govAgencyId=2596742

«Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджеті 2019 жылға барлығы 49027 мың теңге көлемінде қарастырылған, оның ішінде:

124001011/015 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасына аппараты ұстап тұруға 36051 мың теңге, еңбек ақы аудырамдар есебіне 15898,0 мың теңге, ағымдағы шығындарына 20153,0 мың теңге;

124022000 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына аппаратқа материалдық техникалық базасын нығайтуға 1000,0 мың теңге.

124008015 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округінің елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға 1043,0 мың теңге.

124009000 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округінің елді мекендерін санитарлық тазалығына 788,0 мың теңге.

124011015 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округінің елді мекендерін абаттандыру мен көгалдандыруға 2645,0 мың теңге.

124045000 Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округінің «Автомобиль жолдарына орташа жөнде жұмыстарын жүргізу» 7500,0 мың теңге.

19.11.19-1

Бастөбе ауылдық округінің спорт жөніндегі әдіскер – нұсқаушысының ұймдастыруымен бұқаралық спортпен қамту және спорттық – сауықтыру мақсатында 2019 жылдың 11 қараша күні Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округіндегі М.Горький орта мектебінде колледж студенттері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесі бойынша 1 орынға ие болған Тохтагулов Жарқын, 2 орынға ие болған Воеводский Игорь, 3 орынға ие болған Тавли-оглы Оксана. Ойыншылар тартымды, әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. 1,2,3, орынға иеленген командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

14.11.19

14.11.19-1

Сіздерге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 459 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұрығына сәйкес мемлекеттік атаулы көмекті төлеу мерзімінің өзгергенін хабарлаймыз.
Ережеге сәйкес алушыға атаулы әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті органның шешімі негізінде ақшалай нысанда жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді.
Төлем айына төлеу ведомосын қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айда енгізілуге жатады.
Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.
Осыған орай 2019 жылғы қыркүйек айынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек кейінгі айдың 10 – ші күніне қарай төленеді.

2019 жылдың 21 мамыр күні Бастөбе ауылдық округі бойынша ауыл турғындары арасында Үштөбе қаласының «Жастар» стадионында шағын футболдан турнир өткізілді. Жарысқа 4 команда катысты. Соның ішінде Бастөбе ауылынан 2 команда, Ортатөбе ауылынан 1 команда, Жылыбұлақ ауылынан 1 команда ойнады. Ойын айналма жүйесі бойынша өткізілді. Жарыс натижесі бойынша бас жүлдені БСТК №1 командасы иеленді, 2 орынды БСТК №2 командасы иеленді, 3 орынды М.Горький командасы иеленді. Ойыншылар тартымды, әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. 1,2,3, орын иеленген командалар бағалы сыйлықтармен және үздік ойыншылар  лайықты дәрежелі  дипломдармен  марапатталды. Демеушілік көмек «Инновациялық бағдарламалар мәдени орталығының» жастар қоғамдық бірлестігімен  көрсетілді. Жарыс көтерінкі көңіл күйде,  қызықты, жоғары деңгейде өткізілді.  Жаттығу өтетін орны М.Горький орта мектебінде.

IMG-20190522-WA0003_1.jpg

enbek kz

баннер ПРЗ без-фона

Социальная помощь

Аудандық әкімдіктің сайты

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана